Bugin

Ресей Pfizer вакцинасын шығаратын компанияны айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Pfizer және Moderna сынды американың ірі фармацевтика гиганттарын Украинада «әскери-биологиялық қару жасаумен айналысты» деп айыптады. Бұл жайлы РБК жазды.

«Pfizer, Moderna, Merck сынды ірі фармацевтикалық компаниялар АҚШ-тың Украинадағы әскери-биологиялық іс-шараларын жүргізуге белсенді атсалысты», - деп мәлімдеді Ресей Қарулы күштерінің биологиялық және радиациялық қорғаныс әскерінің бастығы Игорь Кириллов.

Нақтырақ айтсақ, Ресей Қарулы күштерінің өкілі АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі – Пентагон Украинаның психиатриялық ауруханасында биологиялық қаруды сынақтан өткізген деп мәлімет берді.

«Биологиялық сынақ Харьков облысындағы №1 психиатриялық ауруханада өткізілгені жөнінде біздің қолымызда мәліметтер бар. Эксперимент негізінен 40-60 жас арасындағы ер адамдарға жасалған», - деп дерек келтірді  Кириллов.