Bugin

Алматының жас жанұяларына арзан ипотека беру басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімдігі жас жанұялар мен жастарға арналған жыл сайынғы ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдауды бастады. «Алматы жастары» бағдарламасына құжаттар 18 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданбақ.

Мұны шаһар басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Бағдарлама аясында қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5%-бен жеңілдікті заемдар беріледі. Бастапқы жарна-қарыз сомасының 10%-ы, несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін», - деді Ерболат Досаев халықпен кездесуде.

Биыл осы бағдарламамен 1 мың отбасына баспана берілмек.

Бағдарламаға кімдер құжат жіберсе болады:

Медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО оқытушылары мен Ғылыми институт қызметкерлері, Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік қорғау саласы мен құқық қорғау қызметкерлері.

Қай үйлерді сатып алуға болады:

Жаңа үйлер мен қайталама нарықтағы үйлерді алуға болады.

«Алматы Жастары» бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:

1. Өтініш беру кезіне Қатысушының және оның жұбайының жасы 35 жастан аспауы тиіс. Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады;

2. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де және отбасы мүшелерінің (егер олар ерлі-зайыпты болса) Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркеуінің болуы;

3. Қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;

4. Қатысушының Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

5. Қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі жарты жылдан кем болмауы керек.  Аталған талап халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:

· 1 және 2 топтағы мүгедектерге;

· мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;

· жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

· 4 және одан да көп кәмелет жасқа  толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға;

·1 және одан көп кәмелет жасқа  толмаған балалары бар толық емес отбасыларға жүрмейді.

6. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарда жарты жылдан кем емес ЖК ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болуы керек.