Әлем
АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен бүгінгі Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтері мен Екінші дүниежүзілік соғыста Германия басып алған елдерге салынған санкцияларды салыстырды. Бұл жөнінде Reuters басылымы мәлім етті, деп жазады Bugin.kz порталы.
Йеллен 1940 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Франклин Рузвельттің Норвегия мен Данияның активтеріне салған санкциясы туралы айтты. Санкция Германия жаулаған елдердің шетел банктеріндегі қаржысын пайдалануға жол бермеу үшін жасалған. Қаржы министрінің айтуынша, бұл оқиғалар Ресейге қарсы тұруға арналған стратегияны жасау кезінде пайдалы болған.
«Тиранияға қарсы қолдағы барлық құралдарымызды пайдалануға тиіспіз. Бұған дейінгі тәжірибе бүгін де пайдалы... Біз Ресейді жауапқа тартуды және Украинаға қолдау көрсетуді қалаймыз», - деді Йеллен.