Әлем
Ресейлік әскери қызметші Вадим Шишимарин Киевтегі сот отырысында қарусыз бейбіт тұрғынның өліміне кінәлі деп танылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл соғыс басталғаннан бергі ресейлік әскерилердің алғашқы соты. Прокуратураның мәліметінше, ақпанның 28-і күні Сумы облысындағы Қамысты ауылы маңында қатарында 21 жастағы сержант Шишимарин бар автоколоннаны Украина әскері атқылаған. Шегiнiп бара жатқанда сержант төрт орыс солдатымен бiрге шетелдiк машинаны тартып алып, шекараға қарай жылжыған.
4 мамырда Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) Шишимариннің оқиғасы бейнеленген видеоны жариялады.
Лебединская көшесіндегі №52 үйдің жанында олар телефонмек сөйлесіп тұрған 62 жастағы ер адам Шелепов Александр Федоровичті көреді. Кейін қайтыс болған орыс солдаты Пуфиков украин жауынгерлеріне олар туралы айтпау үшін Шишимаринге қарияны өлтіруді бұйырады. Шишимарин автоматтан бірнеше рет оқ атқан. Бұл Украина тарапы ұсынған оқиғалардың нұсқасы.
Ресей Қорғаныс министрлігі Шишимаринмен болған жағдайға түсініктеме берген жоқ. Кремль ақпараттың жоқтығын алға тартады.
- «Маған атуға бұйрық берілді, мен оған бір рет оқ аттым, ол құлап, сол жерде қалды. Біз әрі қарай жүріп кете бердің», - деп түсіндірді Шишимарин Украина қауіпсіздік қызметі жариялаған бейнеде.
Шишимариннан басқа тағы үш әскери қызметкер тұтқынға алынды. Судьяның Шишимариннің кісі өлтіргені үшін кінәсін толық мойындайды ма деген сұрағына ол оң жауап берді.
Шишимаринге «Соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу» бабы бойынша айып тағылды. Онда өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Бұл 24 ақпаннан кейін Украина аумағында ресейлік сарбазға қатысты жасалған алғашқы сот процесі.
Шишимариннің адвокаты Виктор Овсянников шешімді жеңілірек бапқа өзгертуді талап етуде. Адвокат BBC тілшісіне ақтау үкімін шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.
- «Прокурорларға «козырь» бермеу үшін қорғаныс шебін ашпаймын, пікірсайыста өз ұстанымымды білдіремін» - деді.
Сейсенбі күнгі жиналыс қысқа болды-журналистер көп жиналған соттың жалғасы 19 мамыр, бейсенбіге ауыстырылды. Сот процесі ашық, бейнетрансляцияны YouTube-тен көруге болады.
Сот Шишимариннің өзінен және айыптау тарапының екі куәгерінен жауап алуды, сондай-ақ заттай айғақтарды - автоматтар мен ұялы телефондарды қарауды жоспарлап отыр.
Шишимарин 21 жаста, ол Иркутск облысының Усть-Илимск қаласынан шыққан. Сотта айтылған ақпаратқа сәйкес Мәскеу облысының 4-ші Кантемиров дивизиясында бөлім командирі болған.
Ресей әскери күштерінің алғашқы сотына Кремль өкілі Дмитрий Песков түсініктеме берді. Өкінішке орай, ол журналистерге Ресейдің Шишимаринге көмек көрсету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып: «Әлі толық ақпарат жоқ. Бірақ іс жүзінде біздің дипломатиялық өкілдігіміздің болмауына байланысты көмек көрсету мүмкіндігі де шектеулі», - деді.