Bugin

Назарбаевтың ескерткішін құлатқан азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысында Назарбаевтың мүсінін құлатты деп айыпталған 38 жастағы Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Азамат Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды. 

– «Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады», – деді қалалық сот өкілдері.