Bugin
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі брифинг өткізді. Алтай Көлгіновке 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа әкімдік сыйға тартқан арал туралы сұрақ қойылды. Әкім осыдан 15 жыл бұрынғы құжаттармен таныс еместігін айтып, жауап бермеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
– «Менде құжаттар болмағандықтан, бұл мәселеге түсініктеме бере алмаймын. Заң бойынша қандай рәсімдер қабылданды – олар қабылданады. Құжаттарды көрген жоқпын, түсініктеме бере алмаймын», - деді әкім.
Сондай-ақ, ол аралда кім тұратынын білмейтінін қосты.