Bugin
«Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті билік органдары Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқан. Бұл туралы адвокат Абзал Құспан «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
– «Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының, белгілі бір құқық органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет сатып алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде, кеден бекеттерінде оған «қызыл жалауша» тұрды ғой. Ол құжатын көрсеткен бойда ол дереу қамауға алынуы керек. Әлеуметтік желісі арқылы оның Түркияда тұрғанын бәріміз білеміз. Қаңтар оқиғасында елдің ортасында жүр. Қолына қару ұстап алған. Айналасында қарулы азаматтар кілең. Содан-ақ, түсінікті ғой. «Дикий Арманның» жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Қылмыста ұйымдастырушы деген болады. Орындаушы деген болады. «Дикий Арманның» рөлі орындаушылық қана. Нақты болып жатқан процестерге араласу, белгілі бір тапсырмаларды орындау ғана. Негізгі міндеттері арандату» – деді Абзал Құспан.