Әлем

АҚШ әскерилері ДАИШ басшысының көзін жойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ әскерилері Сириядағы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жетекшісі Махер әл-Агалдың көзін жойды. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығының сайты жазды.

«ДАИШ АҚШ пен оның аймақтағы серіктестеріне қауіп төндіруде. АҚШ Орталық қолбасшылығы аймақта жеткілікті және тұрақты болуын сақтайды және аймақтық қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы тұруды жалғастырады», - деді қолбасшылықтың өкілі полковник Джо Бучино.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 ақпанында АҚШ президенті Джо Байден Сириядағы ДАИШ жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курайшидің жойылғанын хабарлаған болатын.