Bugin

Германия Ресейдің көмірін сатып алуды доғаратынын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия Ресейдің бүкіл энергетикалық ресурсынан бас тартуға ниет етіп отыр. Тамыз айында көмірін сатып алуды тоқтатса, 31 желтоқсанда мұнайын алу доғармақ.

Мұны Сиднейде өткен конференцияда Германияның қаржы министрінің орынбасары Йорг Кукис мәлімдеді

Оның сөзіне қарағанда, Еуропа одағы Ресейден жыл сайын 158 млрд текше газ сатып алады екен. Енді орыстардан газды сатып алуды тоқтатса, оның орнын толтыратын жолдарды іздеу – Германия үкіметінің басты мазсаты болмақ.

«Екі-үш аптадан кейін Ресейден көмір сатып алуды толық доғарамыз. «Дружба» құбырының тарихын бәріміз білеміз. Кеңес империясы Шығыс Еуропаға сөзін жүргізу үшін осы құбырды арам пайдаланды. Бұл бізге сабақ болуы тиіс еді. Ресейдің газ-мұнайынан бас тарту – біз үшін катастрофа емес», - деп сөз сөйледі Йорг Кукис.

Орынбасар министрдің айтуынша, Германия елге келетін бүкіл мұнайдың 40 пайызын, көмірдің де 40 пайызын Ресейден тасымалдайды екен. Енді оның орнына Германия баламалы энергия көздерін алуға көшпек.