Bugin

Daryn.online Prometheus School жекеменшік мектебінің 10% үлесін алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Daryn.online – Қазақстан бойынша оқушылар мен мұғалімдер арасында 3,6 млн астам қолданушысы бар онлайн білім беру нарығындағы жетекші компаниялардың бірі. Негізгі бағыты бірқатар онлайн платформаларды дамыту және енгізу, VR/AR өнімдері мен ойындарын әзірлеу, 0-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған оқыту контентін даярлау. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар, мультфильмдер, ойыншықтар мен мобильді қосымшалар жасап, ұсынады.

Prometheus School – Қазақстандағы ірі жекеменшік мектептер желісінің негізін қалаушы Қаупынбаев Даурен Туленұлы мен EPG Education адам капиталын дамыту қорының бірлескен білім беру жобасы. 856 оқушыға арналған мектеп Алматы қаласында орналасқан. Аталған мектептің бағыты орта білім берудің үздік заманауи әдістемелерін енгізуге, тұлғаны жан-жақты дамыту мен көшбасшыларды қалыптастыруға негізделген.

Daryn.online платформасы мен Prometheus school арасындағы серіктестіктің мақсаты – Prometheus School ұсынатын инновациялық әдістемелер мен дәстүрлі білім берудегі тәжірибені мектептің білікті ұстаздарының белсенді қатысуы арқылы Daryn.online өнімдеріне ұтымды пайдалану. Бұл дегеніміз Daryn.online арқылы білім алатын шалғайдағы оқушылардың инновациялық, заманауи білім көшінен кейін қалып қоймауына үлкен мүмкіндік.

«Daryn.online мен Prometheus School бірлесіп, гибридтік мектеп жасау ойын жүзеге асырғалы отыр. Осы мақсатта біз онлайн білім беруге үлес қосқан білікті педагогтардың тәжірибесін негізге ала отырып, еліміздегі білім саласын жаңа деңгейге көтеруге үлес қоссақ дейміз. Daryn.online Bugin Holding-тің негізгі жобаларының бірі. Ал Bugin Holding-тің мақсаты – болашақта қолжетімді мектептер ашу. Осы жолда біз Prometheus School мектебімен бірге бұдан да мол тәжірибе жинайтынымызға сенімдіміз, – дейді Daryn.online негізін қалаушы Айбек Қуатбай.

Пандемия кезінде республика бойынша мектеп оқушыларына видеосабақтар мен оқыту бағдарламасын тегін ұсынған Daryn.online платформасы үшін бұл серіктестік сапалы білімді қолжетімді ету миссиясының орындалуына бір қадам жақындатты.

«Біз мектебіміздегі білім беру процестері мен операцияларды цифрландыру үшін  IT саласында білікті серіктес іздедік. Daryn.online IT саласы бойынша үздіктер қатарында. Ал, өз кезегінде Prometheus School R&D білім беру орталығымен бірлесе отырып білім беру процесіне заманауи онлайн технологиялар мен гаджеттерді енгізу мүмкіндігін ұсынады», – дейді Prometheus School құрылтайшысы Даурен Қаупынбаев.

Бұл серіктестік еліміздің білім саласында үлкен өзгерістер жасап, қазақстандық балалардың бәсекеге қабілетті болуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.