Bugin

Танымал суретші-монументалист Владимир Твердохлебов қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Владимир Твердохлебов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы оның қызы Анара Твердохлебова-Форрестер Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Владимир Твердохлебов Алматыдағы «Восточный календарь» субұрқағының авторы ретінде танымал. Ғылым академиясында да Твердохлебовтың витраждары мен мозаикалары сақталған.

Айта кетейік, Владимир Твердохлебов 1937 жылы 18 мамырда Ресейдің Краснодар өлкесінде дүниеге келген. Вера Мухина атындағы Ленинград жоғары өндірістік өнер мектебінде (Санкт-Петербург, Ресей) классикалық өнер білімін алды. Алматыда тұрып, жұмыс істеген.