Bugin
Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы, «Әділдік жолы» қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде 2,5 миллион теңгеге салынды деген Ақкөл стадионындағы «киіну бөлмесінің» суретін жариялады, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Қабырғалар мен төбесінде ағашқа арналған қымбат бітеуіш пен майлы құраммен жақсартылған бояу. Жақсы линолеум және еденде ағаш ернеу бар. Қалыңдығы 78 миллиметр тығыздауышпен жасалған. Сондай-ақ бөлме ортасы бөлінген (киіну бөлмесі қыздарға және ұлдарға арналған). Өкінішті, бірақ мұның бәрі осы нысанды қабылдаған шенеуніктердің қиялында және құжаттарда ғана» - деді ол.
Қоғам белсендісі осы мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сауал жолдаған.