Bugin

Қазақстандықтарды көбіне қай елге жыныстық құлдыққа әкетеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өткен жылы 16 қазақстандық жыныстық құлдық құрбаны болған. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының адам саудасына қарсы күрес жөніндегі орынбасары Шынар Көшербаева айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«2021 жылғы статистикаға сүйенсек, жыныстық құлдықтың 16 құрбаны анықталған, 2020 жылы – 67, ал 2019 жылы – 35 адам болған. Азаматтарды шетелге шығару фактілерінің бірі – Бахрейн. Соңғы жылы Түркияға, БАӘ-ге шығару да кездеседі, бірақ негізінен ішкі трафик басым», - деді Шынар Көшербаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, биыл еңбекке мәжбүрлеу фактілері бойынша бес қылмыстық іс қозғалған, олардың барлығы тергеу сатысында тұр. 2020 жылы – 21 адам, 2021 жылы – төрт адам еңбек қанауының құрбаны болған.