Спорт
Үш жыл қатарынан чемпиондық атақты бермеген мадридтік «Реал» жарыс жолынан шығып қалды
Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалына екі команда («Аякс» және «Тоттенхэм») шықты. Үш жыл қатарынан чемпиондық атақты бермеген мадридтік «Реал» жарыс жолынан шығып қалды.
Рональд де Бур (әйгілі голланд футболшысы):
Руд Гуллит (Нидерланды құрамасының бұрынғы жартылау қорғаушысы):
«Зидан Роналду кеткеннен кейін бас бапкерлік қызметінен өз еркімен бас тартуы көп нәрсені аңғартады. Бұған мән беріп қараңыз. Кез келген бапкер өте ауыр тапсырманы орындап, ойындағысын жүзеге асырғысы келеді. Ал Роналдудың жоқтығы маусымда 50 гол жоқ деген сөз».
Дэвид Мойес («Вест Хэм» клубының бұрынғы бапкері):
«Реал Мадрид» былтырғы маусымда көп гол соқты. Қазіргі болып жатқан жағдайдың бәрі Роналдудың кетуімен тікелей байланысты».
Пирс Морган (танымал ағылшын журналисі):
«Бірде-бір ойыншы командадан асып кетпейді. Егер бұл ойыншы Криштиану болмаса...»
«Реал» «Сантьяго Бернабеуде» өткен 20 ойында 37 гол соқты. Ал Роналду бар кезде тоғыз маусым бойы өз алаңындағы 20 ойындағы голдар саны орташа есеппен 62-ге жеткен еді. Демек, корольдік клубтың голдары саны бұл маусымда алдыңғы маусымдарға қарағанда 25 голға кем. Бұл көрсеткіш команда құрамын жаңадан жасақтау немесе жоғары деңгейдегі футболшыларды алу керек дегенді білдіреді.
Айта кетейік, қос ойын қорытындысы бойынша Нидерланд елінен келген команда 5:3 есебімен ширек финалға өтті. Сөйтіп «Реал» бұл маусымда қатарынан үш жүлдеден (Испания кубогы, Испания чемпионаты және Чемпиондар лигасы) қағылып отыр. Сондай-ақ, мадридтіктер «Барселонаға» қарсы соңғы екі ойында да жеңілістің ащы дәмін татқан еді.