Bugin

Саят Жансүгіров дүниеден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 92 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Саят Ілиясұлы Жансүгіров Қазақстанның Еңбек сіңірген геологы, әдебиет пен тарихтың жанашыры болды.

Ол 1930 жылы 21 ақпанда Алматы қаласында туған. Ұзақ жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Тау-кен ісі институтында қызмет еткен.

Саят Ілиясұлы үйдің үлкені болды. Ілияс Жансүгіровтің Саят Ілиясұлынан басқа тағы бес баласы болған. Олар –  Жәнібек (1923-1943), Азат (1930-1997), Болат (1937-2004) және қыздары - Үміт (1933) пен Ильфа (1935).