Bugin

Болат Назарбаевтың меншігінде 244 гектар жер бар екені рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбавтың інісі Болат Назарбаевтың 244 гектар жері бар. Бұл туралы парламент депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Болат Назарбаевқа Қаскелең, Талғар, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан облыстарынан жалпы көлемі 244 гектар 59 жер учаскесі, саяжай нысаны, әкімшілік ғимарат, базарлар берілді. Бұл жерлердің нарықтық құны жүздеген миллион долларды құрайды», — деді депутат Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Деректерге сілтеме жасай отырып, ол 2 миллионнан астам азамат 10 гектар жерді сатып ала алмайтынын айтады.