Bugin

Адамзаттың ең ақылсыз 4 соғысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамзатқа өзгеріс әкелген кей соғыстардың себебі тым күлкілі, ақылға қонымсыздау болуы мүмкін. Bugin.kz порталы ақылға қонымсыз соғыстар топтамасын ұсынады?

Футбол соғысы

Кімдер арасында: Сальвадор және Гондурас.

Қашан: 1969 жылдың шілдесі

Себебі: футбол матчы.

Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде екі елдің футбол құрамалары ойнады. Сальвадор 3:0 есебімен жеңген ойыннан кейін стадионда жан түршігерлік қырғынға ұласқан төбелес басталды.

Сальвадор құрамасының көптеген жанкүйерлері қаза тапты. Бұған жауап ретінде Сальвадор Гондурастың шекаралас аймақтарына әскер жіберді. 92 сағатқа созылған соғыста 3000 адам қаза тапты.

Нәтиже: Сальвадор құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Құндыз соғысы

Кімдер арасында: Ұлыбритания және Франция.

Қашан: 1754-1763 жж

Себебі: құндыз жағалы пальто.

18 ғасырдың екінші жартысында Еуропадағы құндыз терісінен жасалған бұйымдар трендте болды.  Еуропа елдерінде құндыздар жойылып кетті. Олар Солтүстік Америка колонияларындағылармен құндыз терісіне түкке тұрғысыз заттарымен айырбас жасай бастады. Бірақ сұраныстың үлкен болғаны сонша, жергілікті үндістерден бөлек тек құндыз аулаумен айналысатын қалашықтар пайда бола бастады.

Құндыз өнеркәсібі табысты кәсіп еді.Сондықтан кәсіпте жетекшілік ету үшін Ұлыбритания мен Франция арасындағы қақтығыс туындады. 1754 жылы 19 маусымда Джордж Вашингтон басқарған ағылшын әскерлері француздармен қақтығысты. Тоғыз жылдың ішінде британдықтар канадалық «құндыз плантацияларын» толығымен игеріп үлгерді. Францияда тек Квебек қалды.

Нәтиже: Құндыздар сәнден шықты.

Неке соғысы

Кімдер арасында: Спарта және Троя.

Қашан: б.з.б. XIII ғасыр.

Себебі: бойдақ басшының махаббаты.

ru.m.wikinews.org

Елена Аргивская – грек  мифологиясының кейіпкері. Оны Троя билеушісінің ұрлауы адамзат тарихындағы ең атақты қызғаныш соғысының себебі болады. Спарталық әскерлер Трояны қоршап, он  жыл бойы қоршауда ұстайды. Спартандықтар алдаудың (әйгілі «троялық жылқы») көмегімен ғана қаланы басып ала алды. Соғыстан кейін Елен күйеуі Менелаудың үйіне оралды.

Нәтижесі: «Сұлулық құрбандықты қажет етеді» деген сөз пайда болды.

 

Бұқа соғысы

Кімдер арасында: Рим империясы және Яһудея.

Қашан: біздің заманымыздың 66-73 жылдар.

Себебі: сапасыз ет өнімдері.

Соғыс Рим билігі жіберген бұқаны құрбандыққа шалудан бас тартқан яхудилердің ұстанымынан басталды. Бұқаның көзі ойылған кемшілігі  болды. Рим губернаторы Флорус парызын орындамақ болған яхудилерді қамауға алды. Бұл бүкіл Яһудеяны қамтыған көтеріліс тудырды. Император Неронның тапсырмасы бойынша бес легион Галилеяға кірді және Таяу Шығыста бірінші ұзақ мерзімді соғыс басталды. Ұрыста 10 мыңға жуық еврей қырылды.

Нәтиже: Рим империясы күйреді.

 

Шай соғысы

Кімдер арасында: Ұлыбритания және АҚШ.

Қашан: 1773–1783 жж.

Себебі: мұхитта шай демдеу.

1773 жылы 16 желтоқсанда Бостон шай кеші өтті. Жиырмаға жуық американдық колонист Британдық Ост-Индия компаниясына тиесілі және Бостон шығанағында зәкірге бекітілген үш кеменің трюмдеріне кіріп, теңізге 342 қап шай (шамамен бес тонна) лақтырды.

Бұған жауап ретінде Британ парламенті отаршылардан барлық жеңілдіктерді алып тастап, болашақ Нью-Йорк пен Массачусетс штаттарының аумағына әскер жіберді. Англия шай соғысында жеңіліп, Солтүстік Америкадағы колонияларының жартысынан айырылды. Бұл толқулар Тәуелсіздік соғысы деп те аталады.

Нәтиже: әлем картасында Америка Құрама Штаттары пайда болды.