Әлем

Путин соғысқа зейнеткерлерді тартуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Путин ФСБ мен барлау қызметіне әскери зейнеткерлерді тартуды тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Келісім-шарт бойынша қызмет етіп, жоғары білікті маман атанған, бірақ зейнетке шыққан ресейліктермен Сыртқы барлау қызметі (SVR) және Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жаңа келісім-шартқа отыра алады. Бұл туралы президент Владимир Путиннің тиісті жарлығында айтылған.

Сондай-ақ, ФСБ-мен шарт жасасуға болады:

келісім-шарт бойынша әскери қызметке кіруге дайын орта кәсіптік білімі бар мерзімді әскери қызметшілер;

запаста жоқ және орта кәсіптік білім алған ерлер.

ФСБ құрамына федералды және аумақтық қызметтер, әскерлердегі қауіпсіздік органдары, шекара, авиация және басқа бөлімшелер кіреді.

Мамыр айында Путин алғашқы әскери қызмет туралы келісім-шартқа отыру үшін жас шектеуін алып тастау туралы заңға қол қойды. Жас шектеуі ресейліктер үшін де, шетелдіктер үшін де жойылды. Бұрын олар үшін сәйкесінше 40 және 30 жас деңгейінде белгіленген болатын. Жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану үшін 40-45 жас аралығындағы жоғары білікті мамандар қажет, делінген заңның түсіндірме хатында.

Бұл ретте запастағы 40-60 жас аралығындағы әскери офицерлерге келісім-шартқа отырып, Украинаға басып алынған аумақтардағы «әкімшілікте» қызмет етуге бару ұсынылады. Олар айына 90-100 мың рубль төлеуге уәде береді.