БІЛІМ
Күні кеше Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакиаданың алғашқы ойындары өтті. Желілік спартакиадаға Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS мектебінен Нөкен Рахима, Қуандық Нұрсұлтан, Әсетұлы Мадияр, Закария Інжу қатысуда.
Оқушыларды тоғызқұмалақтан спартакиадаға дайындаған бапкерлері – Қайрат Хамитұлының айтуы бойынша зияткерлердің алғашқы ойындарда көрсеткен ұпай сандары жаман емес.
Тоғызқұмалақтан балалар жоғарғы топ және орта топ санаттары бойынша қатысып жатыр. Жоғарғы топтағы оқушымыз Нөкен Рахима бір ойында жеңіп, бір ойында жеңілді. Ал орта топтағы оқушымыз Әсетұлы Мадияр екі ойында да жеңді. Жалпы оқушылардың спартакиадаға дайындықтары жақсы болған. Олардың жоғары нәтиже көрсететіндеріне сеніміміз мол,- дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Айта кетейік, тоғызқұмалақтан V желілік спартакиада PlayOk платформасында 2022 жылдың 10-13 қазан аралығында қашықтан өтеді.