Bugin

Волейболдан желілік спартакиада бастау алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Барлық NIS желісінде волейболдан дәстүрлі спартакиада басталды. Еліміздің төрт өңірінде бастау алған дәстүрлі додаға Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS зияткерлері Өскемендегі химия-биология бағытындағы NIS-те Семей, Талдықорған, Павлодар және Қарағандылық командалармен бірге бақ сынаспақ.

Спорттық шараның ашылу салтанатында командалар шеруге шығып, көрермендердің ерекше құрметі мен қолдауына бөленді. Өскемендік зияткерлер әзірлеген музыкалық қойылымда салауатты өмір салты насихатталып, барлық қатысушыларға ойын алдында позитивті эмоция сыйлады.

Бүгін спартакиаданың алғашқы күнінде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS командасы тартысты ойын көрсетті. Қыздар командасы алғашында Өскемендік командадан жеңілсе, Семейлік команданы 2-0 ұпаймен жеңді. Ұлдар командасы да Өскемендік зияткерлерден жеңілсе, Семейлік команданы 2-1 ұпаймен жеңді.

Айта кетейік, желілік спартакиада алдағы үш күн бойы жалғаспақ.