Bugin

«Адамдар өліп жатыр!»: Сеулдегі Хэллоуин тойлау кезінде полиция қызметкерінің әрекеті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сеулдік кіші полиция қызметкері Ким Бэк Гём Хэллоуин кезінде халыққа көмек бере алмағанына өкінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға кезінде Ким Бэк Хемнің адамдарды құтқаруға тырысып жатқан видеосы әлеуметік желіде таралып кетеді. Ол бұл әрекетімен Оңтүстік Корея тұрғындарының ықыласына бөленеді. Алайда полиция қызметкерінің өзі бұл мақтаумен келіспе, адамдарды құтқаруға бар күшін сала алмағанын айтады.

Бейнежазбада полиция формасын киген жас жігіт адамдар нөпірін тар аллеядан алыстатуға тырысады.

- Адамдар өліп жатыр! Маған қарай жылжыңыздаршы, өтінемін, көмектесіңіздер! - дейді ол.

- Мен осы түнде Итэвонда болуы мүмкін кез келген қылмысқа жіберілемін деп, бөлімшеде күтіп отырдым. Көп ұзамай аллеялардың бірінде жаппай қысым болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиғаның алдын алу керек екендігі туралы ешқандай алдын ала хабар болған жоқ, - деді полиция қызметкері.

«2022 жылдың 2 қарашасында тергеушілер Сеулдің сегіз полиция бөлімшесінде болған оқиғаның себептерін тергеу аясында қажетті мәліметтерді жинау үшін тексеріс жүргізді. Полицияның кемшіліктері жайлы деректер көбейіп келеді. Алдымен құқық қорғау органдары Хэллоуин мерекесіне дұрыс дайындалмаған. Сондай-ақ жиында адамның көптігі хабарлақан шұғыл қоңырауларға жауап бермеген» делінген мақалада.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Итэвон ауданында аталмыш мерекені тойлау кезінде 150-ден аса адам қайтыс болған.