Bugin

Елдің басым бөлігінде көктайғақ болатыны хабарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

«Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі» делінген хабарламада.

Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, қар, көктайғақ, оңтүстігінде тұман болады деп болжануда.

Түркістан облысының батыс аймағында түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда-жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ауа райы - жауын-шашынсыз.

Қостанай облысының солтүстігінде аздаған қар, облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, тұман болуы ықтимал.

Түнде СҚО-ның көп бөлігінде қар, күндіз облыстың шығысында аздаған қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында боран. болады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында аздаған қар жауады.

ШҚО, Абай және Жамбыл облыстарында - қар, көктайғақ, тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде –11 градусқа дейін, ал ШҚО–ның шығысында -8-ге дейін болады деп болжануда.