Bugin

Түрмедегілер төбелес шығарып, бір адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан 2 адам төбелесіп, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 9 қарашада Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде болған. 1994 жылы және 1976 жылы туған сотталғандар жанжалдасып, бірі екіншісінің басына соққы жасаған. 1976 жылы туған жәбірленуші Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, сол жерде есін жимастан қайтыс болды.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша («Кісі өлтіру») тіркелді. Ұсталған адам Айыртау аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.