МӘДЕНИЕТ

Ностальгия: «Ва-Банк» сериалының кейіпкерлері бүгінде қайда жүр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде дораманың не екенін білмейтін жандардың өзі «Ва-Банк» сериалын көрген болып шығады. Тіпті ностальгия деп, сағына еске алады. Әлемге құмар ойынның шытырманымен және нәзік махаббат желісімен танымал болған телешоудың басты кейіпкерлері қазір қайда жүр? Bugin.kz порталы осы жайлы қызық деректерді оқырман назарына ұсынады.

Ең әуелі, аталмыш телесериалдың желісін еске түссірейік. Ким Ин Ха есімді жігіт құмар ойыннан қыруар ақша тауып жүрген алаяқ ағасымен бірге өседі. Ол жиеніне аталмыш ойынның барлық айла-амалын, қыр-сырын үйретті. Жастайынан көрген-білгені осы болғандықтан, жас жігіт покерді өте жақсы ойнады. Тіпті тапқан табысы да аз болмады.

Құмар ойын шебері Ким Ин Ха қыздардың жүрегін жаулап алатын сері де еді. Сол себепті оған Су Енмен тіл табысу аса қиын болмады. Сүйкімді ару анасы өмірден өткен соң, қалаға әкесінің жанына келді. Мұнда ол Ин Хамен танысып, бір-біріне ғашық болып қалады. Бастапқыда қызға жігіт тым батыл, арам пиғылды болып көрінді. Дегенмен уақыт өте келе жүрегі нәзік ару қатыгез жігіттің бойынан өзгелер байқамайтын мейірімділікті көре алды. Бірте-бірте сезімдері арта түсті. Бірін-бірі шын сүйген қос ғашық махаббаттарының мәңгілік болып, балапандарының дүниеге келуін армандады. Алайда тағдыр сынағы оларды айналып өтпеді.

Жігіттің Еи Вон есімді досы олардың өміріне араласып кетті. Су Енге ғашық болып,  не болса да онымен бірге болуды қалады. Тіпті оның бай әкесі кісі өлімін ұйымдастырып, Ким Ин Ханы орға жықты. Жігіт сүйіктісі мен отбасын тастап, Америкаға қашуға мәжбүр болады. Бірақ ол қайтып келемін деп ант берді.

yandex.kz

yandex.kz

Өзге елде де қалтасы қаржыға толған Ким Ин Ханың күні сүйіктісін ойлаумен өтіп жатты. Ал ол елге келе ме, келсе де жайлы, тыныш өмір сүре ала ма? Сүйген жанына қайта қосыла ала ма? Мұның бәрін еске түсіру үшін телесериалды қайта бір көріп шығуға кеңес береміз. Енді әрі қарай басты кейіпкерлердің бүгінде не істеп жүргенінен хабардар болыңыз.

ЛИ БЁН ХОН

Ли Бен Хон 1970 жылы 12 шілдеде Сеулде ауқатты отбасында дүниеге келген. 1991 жылы KBS телеарнасының іріктеуінен өтіп, киноиндустрия әлеміне жолы ашылады.

Оның дебюттік жобасы – 1999 жылы түсірілген «Біріккен қауіпсіздік аймағы». Одан кейін "Ва-банк» сериалына түсіп, аты әлемге танымал болады.

Ли Бён Хон өнерінен өзге қабілеттерімен де көзге түсті. Ол 2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Калифорния туризмінің елшісі атанады. 2011 жылы Жапония жағалауындағы цунамиден зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін Қызыл Крестке 700 миллион вон сыйға тартты.

2013 жыл ол үшін халықаралық киножобалар тұрғысынан өте нәтижелі болды.  Сол жылы "G. I. Joe: Кобра соққысы" шытырман фильмі екінші бөлімінің тұсаукесері өтті. Ли мырза атақты актерлер Ченнинг Татум, Дуэйн Джонсон, Брюс Уиллистермен бірге осы фильмге түсіп, Сторм Шэдоу атты кейіпкердің рөлін сомдады.

Бұдан кейін де танымал рөлдері көбеймесе, азайған жоқ. "Қызыл-2" комедиялық экшнде Бён Хон есімді жалдамалы кісі өлтірушінің рөлін сомдады. Сондай-ақ 2015 жылы «Терминатор: Генезиске» түсіп, көрермендерін бір қуантты.

yandex.kz

yandex.kz

2021 жылы да Бён Хонның кино әлемінде танымалдылығы арта түсті. Ол Netflix-тің "Кальмар ойыны" фильмінде төбе көрсетіп, фанаттарына ерекше тосын сый жасады. Ең қызығы, жанкүйерлері оның жүзін тек финалда ғана көре алды.

Бүгінде танымал актер – жарнама және продюсерлікпен айналысатын BH Entertainment компаниясының иесі, белгілі медиа тұлға. Сондай-ақ оның шляпа, шарф және әмиян сататын өз дүкені бар. Алдағы уақытта әлі де мықты рөлдерімен кино сүйер қауымға оралатыны сөзсіз.

Жеке өмірі

Ли Бен Хонның жеке өмірі шырғалаңға толы болды. 2009 жылы сүйіктісі жала жауып, сотқа береді. Кейіннен актер ақталады. Бұдан кейін де түрлі ситуациялар болады. Алайда 2013 жылы танымал өнер адамы Ли Мин Чжонмен отбасын құрады. Ол актриса F4 («Цветочки после ягодок») сериалында басты рөлдің бірін сомдаған. 2015 жылдың наурыз айында өнерлі жандар шаңырағында Джун Хо  атты ұл өмірге келеді. Актер сұхбаттарында жұбайы депрессиядан жарқын өмірге алып шыққаны жайлы жиі айтады.

yandex.kz

yandex.kz

СОН ХЕ ГЕ

Сон Хе Ге (Сон Хе Гю) 1981 жылы 22 қарашада Корея Республикасының Тэгу қаласында дүниеге келген. Актриса дүниеге әлсіз әрі аурушаң болып келеді. Келесі жылдың ақпан айында ғана нәресте сауығады. Содан кейін ғана ата-анасы 1982 жылы 26 ақпанды Хе Генің ресми туған күні деп жаздыртады.

Актрисаның балалық шағы айтарлықтай бақытты бола қоймады. Өйткені үшінші сыныпқа қадам басқанында, әкесі отбасын тастап кетіп қалады. Осылайша жалғыз басты ана бар ауыртпалықты мойнына алады.

Оның кино саласындағы дебюті – 2000 жылы KBS арнасында көрсетілген "Менің жүрегімдегі күз" («Осень в моем сердце») сериалы. Аталмыш телешоу бүкілхалықтық хитке айналып, миллиондаған көрермен жинады.

Бұдан соң актриса 2003 жылы «Ва-Банк» сериалына түсіп, Су Ен рөлі арқылы атағы да тағы да әлемге жайылды. Одан соң «Ыстық ұя» («Полный дом») атты телесериалға түсіп, жанкүйерлерінің саны арта түсті.

liveinternet.ru

liveinternet.ru

Ал 2016 жылы танымал тележоба «Күн ұрпақтарында» («Потомки солнца») басты рөлді сомдап,  көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

Сон Хе Ге – әлі де дорама сүйер қауымның сүйікті актрисасы. Ол 2018 жылы «Бойфренд», 2021 жылы «Ал енді біз айырылысамыз» («А теперь мы расстаемся») дорамаларына түсті.

Жеке өмірі

2003 жылы жанкүйерлері актрисаны Ли Бён Хонмен бірге жүргенін көріп, үйленеді деп топшылаған. Алайда бір жылға жетпестен, жұп екіге айырылады. Одан кейін 2008 жылы өнер саласындағы әріптесі Хен Бинмен қосылады. Алайда үш жылдан кейін бұл жұптың ғұмыры ұзаққа бармайды. Кейін «Күн ұрпақтары» дорамасының түсірілім алаңында актер Сон Джун Ки екеуі бір-біріне ғашық болып, тіпті арты тойға ұласады. Аталмыш жаңалыққа бар әлемдегі жанкүйерлері ерекше қуанады. Алайда бұл қуаныш та ұзаққа бармай, ажырасып кетеді.

womens-journal.ru

womens-journal.ru