Әлем

Индонезияда жойқын жер сілкінісінен 56 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индонезияның Батыс Ява аралында 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпуі цунами туғызатындай болмаған. Алайда тұрғындар сақтық шараларын ұстану керегі айтылды.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі Джакарта, Бекаси, Богоре және басқа да аймақта сезілген. Жер асты дүмпуінің ошағы - Чианджур қаласы ел астанасы Джакартадан 75 шақырым жерде орналасқан.

Reuters агенттігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан 56 адам қаза тапқан. Мұны Батыс Ява губернаторы Ридван Амил растады. Кемінде 700 адам зардап шеккен, 300-ден аса үй бүлінген не қирап қалған. Сондай-ақ Батыс Ява аралының аумағында жарық жоқ.

Айта кету керек, Индонезия белсенді жанартаудың көпшілігі мен көптеген жер сілкінісінің мекені болатын Тынық мұхитының өрт сақинасында орналасқан. Осыған байланысты сейсмикалы және жанартаулы белсенділік жиі болады. Жыл сайын сейсмологтар мұнда магнитудасы 4,0-ден асатын алты-жеті мың жер сілкінісін тіркейді.