Спорт

Тағы да сенсация: Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күнінде тағы да сенсация тіркелді. Бұл жолы Германия құрамасы Жапонияға жол берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жанкүйерлер Германия құрамасы Жапония құрамасын оңай жеңіп кететініне сенімді болған еді.

Әлемдік додада төрт рет чемпион атанып, бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген неміс футболшылары мықтылар қатарында саналады.

Бұл ойын барысында да Аргентина және Сауд Арабиясы кездесуіндегі жағдай қайталанды. Германия құрамасынан 33-минутта Илкай Гюндаган пеналтиден есеп ашқан еді. Екінші кезеңде Жапония қарсыластың қарқынына төтеп беріп, үздік ойын көрсетті.

75-минутта Рицу Доан ойынды теңестірсе, Такума Асано 83-минутта Жапонияны алға шығарды.

Бұл топтағы Испания мен Коста-Рика кездесуін елорда уақытымен сағат 22:00-де Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады