Bugin

Атыраудағы үш мектепке Әбіш Кекілбаев пен басқа да тұлғалардың есімі берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атыраудағы үш мектепке Әбіш Кекілбаев пен басқа да тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Келесі білім беру ұйымдарына:

1) «Атырау облысы білім басқармасы» ММ Атырау қаласы білім басқармасының «№ 40 орта мектебі» КММ-не Зейнолла Қабдоловтың есімі;

2) Атырау облысы білім басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы «№41 мектеп-гимназиясы» КММ;

3) Атырау облысы білім басқармасының «Нұрлан Балғымбаев атындағы Атырау қалалық білім бөлімінің No 42 орта мектебі КММ» делінген үкіметтің күшіне енген қаулысында.

Зейнолла Қабдолов – қазақ және кеңес жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы. Көптеген құрметті атақтардың иегері, сыйлықтардың, медальдардың және мемлекеттік наградалардың лауреаты.

Әбіш Кекілбаев – қазақстандық қоғам және саяси қайраткер, Қазақстанның еңбек ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Сондай-ақ тағы да басқа көптеген марапаттар мен сыйлықтардың иегері және лауреаты.

Нұрлан Балғымбаев – қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, екі «Барыс» орденінің, түрлі медаль иегері.