Bugin
Алматыда стендап кезінде әйелдерді балағаттаған жігіт қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде кеш қонақтарының алдында өнер көрсетіп тұрған стендапердің әйелдерді қорлайтын балағат сөзді бірнеше мәрте қайталап айтқан видеосы тарады.
Кейіннен оның 2000 жылы туған Анди Топалидису екені мәлім болды.
Осыған орай Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы бойынша іс қозғады.
Бүгін кешке Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша кінәлі деп танылды. Ісі үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Соттан кейін стендапер арнайы видео түсіріп, кешірім сұраған.