Bugin
Президент сайлауынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Наталья Николаевна Годунова, Тілеген Төлегенұлы Каскин, Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына, Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына, Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
«Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын.
Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын.
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.
Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын» делінген қаулыда.
Сонымен қатар Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.