Психология

«Қалтасынан адам еті табылған»: Жолдасын жеген каннибалдың оқиғасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Каннибализм – жиі қозғала бермейтін, айтуға да жиіркенішті тақырыптың бірі. Дегенмен өмірде мұндай жағдай болғаны әрі әлі де бола беретіні рас. Ал бүгін жан түршігерлік әрекетімен тарихта аты қалған Александр Пирс есімді каннибалдың оқиғасы жайлы мәлімет ұсынамыз.

Ирландиялық азамат 1819 жылы бірнеше жұп аяқ киім ұрлағаны үшін жеті жылға жер аударылады. Пирс өз мерзімін Тасманияда өтей бастады, бірақ ол темір торда ұзақ отырғысы келмеген еді. Осылайша 1822 жылы 20 қыркүйекте Пирс пен жеті тұтқын түрмеден қашып кетеді. Олар Тасманияның ну орманына тап болып, қиын да күрделі жолмен жүреді. Бірақ сегіз күннен кейін қарындары ашып, қашқындар жанындағы әлсіз серіктестерін кезекпен өлтіре бастайды. Дирижер Гринхилл және Пирс екеуі ғана тірі қалады. Сегіз күн бойы екеуі де бір-бірінен қорқып, көз іле алмайды. Әбден қалжыраған Гринхилл ұйықтап кетеді. Осы сәтті күткен Пирс оны бірден балтамен өлтіреді.

Ел ішіне жеткен каннибал бірнеше ай ғана бостандықта өмір сүрген. Ұсталғаннан кейін, Пирстің оқиғасына тіпті сот төрешілері де сенбеді. Жолдастарының мекенжайын жасыру үшін осылай жалған айтты деп ойлады. 1823 жылы қарашада ирландиялық азамат түрмеден қайтадан қашып кеткен. Сол кезде жанына бір жас жігітті серік етіп алады. Пирс бірнеше күннен кейін ұсталады. Жейтін тамағы жеткілікті болса да, сол кезде оның қалтасынан адам еті табылған. Сонда каннибал жолсерігінің денесін бөлшектеп өлтіргенін айтқан.

Осындай сұмдық қылмыстары үшін маньякқа өлім жазасы кесіліп, дарға асылады. Сонда ол соңғы сөзі ретінде адам етінің балыққа немесе шошқа етіне қарағанда, әлдеқайда дәмді екенін айтқан.

Фото: life.ru

Фото: life.ru