Әлем

Кремль: «Ресейді ешкім жақсы көрмейді»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыста «Ресейді ешкім жақсы көрмейді» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Unian.net сайтына сілтеме жасап.  

Сондай-ақ ол журналистің Ресей қазір қайда бара жатыр деген сауалына жауап берді. Песковтың айтуынша, Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынасы текетірес сатысында тұр.

«Біз қозғалмасақ та, «конфронтация» деп аталатын станцияға жеттік. Біздің бірлігіміз мықты, күшті болуымыз керек. Сонымен қатар біз берік болуымыз керек, өйткені біз әлі де осы текетірес жағдайында өмір сүреміз. Бізді ешкім жақсы көрмейді әрі жақсы көруге тырысып жатқаны шамалы. Оның бізге керегі де жоқ», - деді баспасөз хатшысы.