Bugin

Қазақ балетінің аңызы өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балет әртісі әрі хореограф, Қазақ КСР Халық әртісі Болат Аюханов қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекеттік академиялық би театры мәліметінше, Болат Аюханов 85 жасында қайтыс болған. Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Болат Ғазизұлы Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында туған. Ол А.В. Луначарский атындағы Мәскеу театр өнері институтының балетмейстерлік факультетін бітірген. 100-ден аса рецензия, мақала, сұхбаттың авторы. Қазақ, орыс, түрік, литва, ағылшын және украин тілдерін білген.