Bugin

Зейнетақы жинақтарын алу: министрге «әділетсіз шек» туралы сұрақ қойылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік мәні туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қолжетімділік шегіне жоғары жалақысы бар, қазірдің өзінде баспана сатып алуға мүмкіндігі бар адамдар қол жеткізе алатын болса, зейнетақы жинақтарын алудың әлеуметтік мәні неде?» – деген сауал мәжілістің сыртынан естілді.

Министр қазақстандықтар өз жинақтарынан 3,5 триллион теңге ала алғанын хабарлап, оларды ипотекалық несиені жабуға және баспана сатып алуға бағыттағанын айтты.

«Сондықтан оны тек жоғары табысты адамдар алды деп айта алмаймын. Алған бір миллионнан астам адамның ішінде жасы бойынша барлық дерлік санат бар. жастар да, орта жастағылар да. Жас құрылымы бойынша БЖЗҚ-дан кімдер алғанын сұратуға болады, тек табысы жоғарылар ғана алды деп айта алмаймын», - деп жауап берді Дүйсенова.