Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comДәл қазір Финляндияның армиясы Украина секілді соғысуға сақадай сай тұр. Бұл туралы елдің қорғаныс күштерінің қолбасшысы, генерал Тимо Кивинен «Bloomberg» агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме беріп.
«Біз де дәл қазір Украинадағыдай соғысуға қабілеттіміз. Айтарлықтай қорғаныс қабілетіміз бар», – деді ол.
Генерал Кивинен Финляндия қазіргі уақытта жан басына шаққандағы «Еуропадағы ең үлкен от қуатына ие екенін, өз елінің әлі күнге НАТО-ға кірмегеніне көңілі толмайтынын айтқан.
«Біз қазірдің өзінде НАТО-ға мүше болуға керекті әскери критерийлерге жауап береміз. Қорғаныс шығындарымыз жалпы ішкі өнімнің екі пайызы болады», – деді Кивинен.
Финляндия қарулы күштерінің басшысы елде Франция мен Германияның артиллериясынан көп артиллерия бар екенін, қарулы қақтығыс болған жағдайда 280 мыңға дейін сарбазды жұмылдыра алатынын атап өтті.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61