МӘДЕНИЕТ

Әлеуметтік желіде Димаштың інісінің өнері көпшілікті тәнті етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына інісінің пианинода шығарма ойнап отырған сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Желі қолданушыларының көпшілігі белгілі әншінің інісі Әбілмансұрдың өнеріне ерекше ықыласын білдірді. Ол Димаш Құдайбергеннің Тhe story of one sky («Бір аспанның тарихы») шығармасын пианинода орындады.

 

Әншінің оқырмандары көптеген пікір білдірген. Бірі «Сәл басқаша орындады, бірақ ерекше жеткізе білді!» десе, келесі оқырмандар «Мансұрмен мақтануға болады», «Димаш жазған менің сүйікті шығармамды Мансұр керемет орындады. Ол әуенге ерекше қанат бітірді» деп ықыласын білдіріп жатыр.