МӘДЕНИЕТ

Ш.Қажығалиевтің 95 жылдығына арналған «Серпін» атты еске алу концерті өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында дирижер, профессор, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиевтің 95 жылдығына арналған «Серпін атты кеші өтеді. Сондай-ақ, сағат 11.00-де әкелі-балалы Шамғон және Тілес Қажығалиевтердің құрметіне орай өздері тұрған үйге қойылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтеді.

Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев – аса көрнекті қайраткер, кәсіби маман. XX ғасырдағы қазақ музыкасының біртуар алып тлғаларының бірі. Ол – 50 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның мәдениетін, өнерін, аспаптық музыкасын дамыту жолында аянбай еңбек етті. Сондай-ақ, ұлты тұлғаның шығармашылығын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінен бөліп қарауға болмайды. Өнеріміздің тарихында қазақ оркестрін алғаш құрған да, оның тұңғыш дирижері де академик Жұбанов болатын. Ал Жұбановтың ізін жалғастырып, оның алтын таяқшасын алған Шамғон Қажығалиев Ұлттық оркестрді 42 жыл басқарған кәсіби дирижер.

Ол – композиторлардың қаламынан туған жаңа шығармаларға жан бітірді, өмір сыйлады. Қазақ музыкасының антологиясын оркестрге арналған шығармалармен байытты.

Ол – қазақ өнерінің алыбы, ғұлама дирижер, ұлағатты ұстаз!

Байланыс телефоны+77074094476 Аяулым Шопан