Bugin
Бүгін Jibek Joly телеарнасында «Бәрін өзгерткен Қаңтар» («Қаңтар, который всё изменил») атты деректі фильмнің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Деректі фильмнің авторлары қаңтардағы оқиғаны баяндап береді.
Фильмнің басты кейіпкерлері – жаппай тәртіпсіздік кезінде елді қорғаған отандастарымыз. Фильмде қарапайым азаматтардың туып-өскен жерін қорғап жүріп ерлік көрсеткені айтылады.
Сондай-ақ, деректі фильмде Қаңтар оқиғасына қатысты бұрын-соңды айтылмаған фактілер мен эксклюзивті сұхбаттар ұсынылады.
Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапты. Оның ішінде еліміздің қарапайым тұрғындарымен бірге полицейлер мен әскери қызметкерлер де бар.
Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер әлі де қаралып жатыр. Кейбір қатысушыларға мемлекет басшысы рақымшылық жариялады.
Jibek Joly телеарнасының эфирінде «Бәрін өзгерткен Қаңтар» деректі фильмінің тұсаукесері Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да болады.
Дереккөз: halyq-uni.kz