Әлем

«Әскер қатты шығынға ұшырады»: Ресей‐Украина соғысы туралы тың ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір Украинаның шығысындағы Соледар қаласы үшін жойқын шайқас жүріп жатыр. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Соледарды алу үшін ресейліктер ірі шабуылға кіріскен. Ал Украина өз жауынгерлеріне көмекке қосымша күш аттандырып жатыр.

Айта кетсек, Соледар Донецк облысында орналасқан. Онымен қоса, Ресейдің «Вагнер» жасақтары сол маңдағы Бахмут қаласын да алуға әрекет жасап жатыр. Мақсаттары – алдымен осы екеуін бағындырып, әрі қарай Краматорск және Славянск қалаларын жаулау.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, соңғы күндері екі жақтың да әскері қатты шығынға ұшыраған және Соледар мен Бахмутта сау ғимарат қалмаған.