Bugin
Қарағандыда жұмысшыны көмір салынған вагон басып қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Еңбек инспекциясы жөніндегі өңірлік басқарманың хабарлауынша, құрам түзу жолмен жүріп, маневр жүргізу кезінде рельстен шығып кеткен.
«Вагонның арнайы тұғырында тұрған теміржол цехының құрастырушысы өміріне сәйкес келмейтін жарақаттар алды. Осы факті бойынша еңбек инспекциясы басқармасы комиссия тағайындады. Осы жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері тергеу қорытындылары бойынша айқындалады», - дейді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.