Спорт

4S элементін секіріп, тарихқа енген қазақ қызы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанашуы күміс медаль алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәнерлеп сырғанаудан Сайтамада (Жапония) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды.

Негізгі бағдарламада Тұрсынбаева төрт айналым сальхов (4S) элементін секірді. Ол төрт айналым элемент секірген алғашқы әйел мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында ешкім төрт айналым элемент секірмеген. Бұл туралы белгілі журналист Руслан Меделбек өзінің парақшасында жазды. 


Тұрсынбаева – әлем чемпионатында медаль алған екінші қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстандық Денис Тен 2013 жылғы әлем біріншілігінде күміс, 2014 жылғы әлем чемпионатында қола алған.