Bugin
Қазақ мектептерінде кейбір сыныптар қазақ тілін білуге емтихан тапсырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Білім министрлігінің бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылды.
«2023-2024 оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен, ал қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде оқу жылы аяқталғанда емтихан енгізіледі» делінген бұйрық жобасында.
Түсініктемеде айтылғандай, жаңа бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» үкімет қаулысын орындау мақсатында енгізіліп отыр.