Спорт
Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында отандасымыз Махмұд Сабырхан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жарыс 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтті.
Махмұд Сабырхан финалда тайландтық Саравут Суктхетпен жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен (3:2) Сабырхан қарсыласынан басым түсіп, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Еске салайық, қазақстандық бокс жанкүйерлері Махмұд Сабырханды «Қазақтың Ломаченкосы» деп атап кеткен.