Bugin

7 жасынан қыздарына азғындық жасаған "өгей әке" әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында апалы сіңлі қыздарға өгей әкесі жеті-сегіз жастарынан бастап азғындық әрекеттер жасаған. Қыздардың анасы бұл туралы егіздерге жүкті кезінде білген деп хабарлайды Bugin.kz порталы “Не молчи” парақшасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 2006 және 2013 жылы туған апалы-сіңлі өгей әкесі тарапынан зорлық-зомбылық көріп келген. Ол балаларды шешіндіріп, қыздардың интимдік жерлеріне тиісіп, жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді жасаған. 

2022 жылдың наурыз айында үлкен қызы мән-жайдың бергі жағын анасына жеткізген. Егіздерге айы күні жақындаған әйелге бұл қатты батып, балаларын алып кетіп қалған.

Бірақ кейін кенжесі әжесіне өгей әкесінің азғындық әрекеттері туралы толық айтқанда әжесі шыдамай дереу полицияға арызданған. Ал анасы болған оқиғаның шынайы тұстарын тергеу барысында бір-ақ естіген.  

Қылмыс жасаған кезде балалардың үлкені сегіз жаста екінші сыныпта оқыған. Ер адам алдымен үлкен қызға азғындық жасап жүрген. Кейін екіншісі жетіге толғанда соған көшкен.

2023 жылғы 8 қаңтарда анасы өгей әкесінің әдепсіз әрекеттері фактісі бойынша арыз берген. Бірақ ол әлі бостандықта және ешкім ештеңені дәлелдей алмайтынына сенімді.

Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығы осы іс бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты барлық қылмыстардың тергелу барысы бойынша ерекше бақылауға алынғанын жеткізді.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға ​​жатпайды,- деді ведомство.