Bugin

Шымкенттегі атыс: жараланған күзетші саусағынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте атыс кезінде жарақат алған күзетші сол қолының саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада қару-жарақ дүкенін тонаған ер адаммен атыста жарақат алған күзет қызметкерінің жағдайын айтты. 20 ақпан күні сағат 15:10-да ауруханаға 1971 жылы туған ер адам оқ жарақатымен және сол қолдың бірінші саусағының дистальды фаланга аралық буынының травматикалық жарылуымен түсті.

"Ол бірінші саусағының негізгі фалангасы деңгейінде ампутациялық діңгек түзілуіне байланысты бастапқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды. Осыған байланысты ол одан әрі емдеуге жіберілді", - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков.

Еске салайық, 20 ақпан күні сағат 14:40-та Шымкенттегі қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына күзет агенттігінің қызметкерлері жетіп, бөлмеде олар мен белгісіз қарулы ер адам арасында атыс болған. Салдарынан тәртіп сақшыларының бірі зардап шекті. Оқиға орнынан қашып кетпек болған қарулы азаматты  патрульдік полицейлер мен Тұран аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің анықтаушысы ұстады.