Саясат
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді" делінген хабарламада.
Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшылары қатысатын С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.