Қоғам

Белгілі заңгер Мұхтар Тайжанды Назарбавпен жұмыс істегені үшін айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізге белгілі заңгер Бақытжан Базарбек депутаттыққа үміткер Мұхтар Тайжанға Назарбаевпен жұмыс істегенін айтып, сынға алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сіз Ақордада жұмыс істедіңіз, Назарбаевпен қызметтес болдыңыз. "Қазақстан-2030" жобасын әзірлеуге де атсалыстыңыз. Енді өзіңізді сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткіңіз келеді, – деді Б.Базарбек.

Мұхтар Тайжан заңгердің айтқандарымен келісіп, онымен пікірталастыра қоймады.

Ал айыптау сөздері мұнымен біткен жоқ. Мұхтар Тайжан жауап ретінде Базарбекті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап, заңгер жер кадастрлық ісінен ақшаға құжатты алып қоюды ұсынған видеоны жариялады.