Bugin

Екібастұзда трактор жүргізушісі оқыс жағдайда көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 ақпанда Екібастұз қаласындағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері жұмыс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ол К-700 доңғалақты тракторды басқара отырып, разрез аумағының ішіне түсу кезінде аударылып түскен.

Дене жарақаттарының салдарынан қызметкер оқиға орнында қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.

Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.