Спорт

Әлімханұлы Сауль Альвареспен жекпе-жекке қашан шығатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) екінші орта дивизионға көтеріліп, мексикалық Сауль Канело Альвареске (58-2-2, 39 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақ боксшы 2023 жылы үлкен айқастар өткізе алмаса, осындай қадамға баратынын твиттер желісінде жазды. 

Биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастыруға тырысамын. Ал егер маған ондай мүмкіндік бермесе, 2024 жылы 168 фунтта Канелоға міндетті қарсылас боламын. Мұның мүмкін екенін бәрі біледі. Иншалла келесі жылы екі салмақта чемпион атанамын! - деп жазапты Жәнібек.