Спорт
Индиан-Уэллстегі Мастерс турнирінде қазақстандық Елена Рыбакинадан жеңіліп қалған белорус Арина Соболенко шоу көрсетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengri Sport сайтына сілтеме жасап..
23 жастағы Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің финалдық кездесуінде өз мансабында алғаш рет Беларусь елінен келген қарсыласын жеңіп, жеңіске жетті. Шешуші кездесу екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Марапаттау кезінде Арина жеңілісі үшін Еленадан кек алуға тырысты десе де болады. Рыбакина өз сөзінде Соболенконың сәтті өнерін атап өткенде,беларусь спортшысы қалжыңдап тілін көрсетіп, аренадағы жанкүйерлерді күлдірді.
Әрі қарай Елена ойын бірінші рет оның жоспары бойынша өткенін де айтты. Соболенко күтпеген жерден микрофонды ұстап алып, "бұл соңғы рет" деп күліп, қазақ спортшысын ұятқа қалдырды.
Әйтсе де Рыбакина: "Жоқ, жоқ, жоқ... Келесі жолы көреміз", – деп жауап қайтарды. Соболенко жауап ретінде Рыбакинаның иығынан сипап өтті.
Бұл туралы Instagram желісіндегі ресми WTA аккаунтында атап өткендей, финалға шыққандардың ауызша жекпе-жегі аяқталды.