МӘДЕНИЕТ

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты Димаш Құдайберген бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижень арасындағы матчтың 12-ші партиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап, бастап берді. Кейін ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген өнер иесі матчқа қатысты өз пікірімен бөлісті.

«Осындай шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды», - деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 9 сәуірде аталған қос спортшы арасындағы матчты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бастаған еді.

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.

Шахматтан әлем чемпионаты Астанада 7 сәуір басталды. Онда ресейлік Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.